Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстамбұлдағы қонақүйлердің бірінде голландиялық екі жасөспірім көз жұмды

Жедел жәрдем көлігіФото: Shutterstock

Ыстамбұлдағы қонақүйде голландиялық екі жасөспірім өлі күйінде табылды, ал балалардың әкесі ауруханаға түсті. Бастапқыда олар мейрамханадан жеген тамақтан уланып қалған деген болжам айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фатих ауданындағы Көк мешіт пен Үлкен базар маңында орналасқан қонақүйде 15 және 17 жастағы балалар полиция мен жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін қаза болған.

"Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері екі баланың қайтыс болғанын растады. Әкесі ес-түссіз күйде жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады NTV арнасы.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, үшеуі Түркияда демалып, Таксим туристік ауданына кешкі асқа барған болуы мүмкін. Балалардың әкесі полицияға ұлдарымен Таксим алаңына барғанын, "бірақ ештеңе жемегенін" айтты, деп хабарлады түркиялық Haber басылымы. Сол күні кешке қонақүйге оралғанда әкесі ұлдарын дауыстап шақырғанда, олар әкесіне жауап қатпаған. Қонақүй қызметкері Мехмет Кирдаг ер адамның көмекке шақырғанын естіп, барған.

"Есікті қағып, ішке кіргенімде, бір бала төсекте, екіншісі жерде жатты... Екеуі жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен. Әкесі есеңгіреп қалды", – дейді Кирдаг.

Ыстамбұл полициясы тергеу бастады.

Аида Тақабаева
Дүйсенбі, 25 Тамыз, 2025 09:23
Талқылау