Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда толассыз жаңбырдың соңы су тасқынына ұласып, арал қоқыс пен үйінді астында қалды (видео)

Испанияның Гран-Канария аралында толассыз жаңбыр жауып, көшелерді су басты. Арал үйінді мен қоқыс астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail.co.uk басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Су тасқыны салдарынан көліктер көпір астында қалып, теңізге қарай ағып кеткен. 

Желіде суға батып бара жатқан көлігінен құтқарылған әйел түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан көпір астында тұрған тағы бір көлікті су тасқыны теңізге қарай алып кеткенін көруге болады.  

Канар аралдарының билігі демалыс күндері жауған нөсерден кейін "алдын ала ескерту" жариялаған. 

Дүйсенбі күні Испанияның ұлттық метеорологиялық агенттігі Aemet Гран-Канария үшін дабылдың қызыл деңгейін жариялады. Өйткені жаңбырлы ауа райы апта бойы жалғасады. 



Апат кезінде кей көліктер көшеде қалып, қатты зақымданған. Бағаналар мен қоқыс жәшіктерін де су шайып кеткен. Көшелерді тазалау жұмыстары басталған. Тұрғындар мен өрт сөндірушілер Тельдедегі Салинетас төңірегінде зардап шеккен көшелер мен үйлердің үйіндісін балшықтан тазарту үшін іске кірісіп кеткен.  

Толассыз жаңбыр Гран-Канария мен Тенерифенің оңтүстік-шығысында жалғасып жатыр. Метеорологиялық агенттік аралда найзағай болуы мүмкін екенін айтты.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Тенерифедегі супермаркетте 80 адам қамалып қалған.

Валенсияда да сақтық шарасы ретінде бүкіл аймақтағы мектептер жабылып, дабылдың қызыл деңгейі белгіленді. Тұрғындарға жаңбыр тоқтағанша биік жерге баруға кеңес берілді. 

Айта кетейік, бұған дейін 30 қазанда Испанияның Валенсия аймағында қатты жаңбыр жауып, су тасқыны болған еді. Салдарынан бірнеше адамның мәйіті табылған. 

Талқылау