Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда су тасқынына байланысты жүз мыңдаған тұрғын митингіге шықты

9 қарашада Испанияның Мадрид пен Валенсия қалаларында 130 мыңға жуық тұрғын су тасқынына байланысты үкіметке қарсы митингке шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 20minutos.es сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Worldprotest

Испаниялықтар провинция президенті Карлос Мейсонға қарсы шығып, су тасқынының жойқын зардаптарына байланысты оның отставкаға кетуін талап етті.

Эль Диарионың хабарлауынша, плакаттарда наразылық білдірушілер "Валенсия басшысы түскі асын ұзақ ішіп болғанша, ондаған қала су астында қалды" деп баса айтты.



Митингіде тұрғындар да қайғылы оқиғада қаза тапқандарды еске алды.

Куәгерлердің айтуынша, шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыстарды қоспағанда, шеру бейбіт түрде өткен.

Айта кетейік, бұған дейін 3,0 қазанда Испанияның Валенсия аймағында қатты жаңбыр жауып, су тасқыны болған еді. Салдарынан бірнеше адамның мәйіті табылған. 

Талқылау