Фото: Видеодан скрин
Испанияда екі жүрдек пойыз рельстен шығып кетіп, салдарынан 21 адам қаза тауып, шамамен 100 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы жағдай Испанияның Кордова провинциясында 18 қаңтар күні кешке болды. Малагадан Мадридке бағыт алған Iryo компаниясының пойызы рельстен шығып, көрші жолға түсіп кеткен. Салдарынан ол Уэльва қаласына қара бет алған қарсы бағыттағы пойызбен соқтығысқан.
Оқиғаға не себеп болғаны нақты әзірге белгісіз. Испаниялық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, екі пойызда жалпы саны 400-ге жуық адам болған. Испанияның премьер-министрі Педро Санчес жағдайды өз бақылауына алғанын атап өтті. Сондай-ақ Испанияның корольдік отбасы қаза болған мен зардап шеккендердің жақындарына көңіл айтты.
Қайғылы оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Олар пойыз вагондарында аман қалған адамдарды іздеп жатыр.
“Апат кезінде қатты соққы тиген вагон жолаушылардың қаншасы аман қалғанын әзірге нақты айту мүмкін емес”, – дейді құтқарушылар.
Өңірлік азаматтық қорғау қызметінің басшысы Мария Белен Моя Рохас “Canal Sur” телеарнасына берген сұхбатында рельстегі апаттың жүру қиын аумақта болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жергілікті тұрғындар зардап шеккендерге көмектесу үшін оқиға орнына көрпе мен су алып келген.