Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Исландияда жанартау қайта атқылады

Grindavik өрт сөндіру қызметі Исландияның оңтүстік-батысындағы Рейкьянес түбегінде тағы бір жанартау атқылауы болғанын мәлімдеді. Оның алдында 4 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RUV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: RUV

Атқылау Рейкьянес түбегіндегі Сунднукс кратерлерінің сериясында шамамен бір сағат бұрын болған жер сілкінісінен кейін кешке қарай басталды. Сақтық шарасы ретінде аралдағы Гриндавик балықшылар ауылының тұрғындары эвакуацияланды.

Исландия метеорологиялық қызметінің өкілі Бенедикт Офейгссонның айтуынша, магма ағатын жердегі жарықшақтың ұзындығы 1,5 шақырымды алып жатыр. Бұл кезде жанартаулық лава жоғары жылдамдықпен қозғалады. Атқылау бір-екі сағаттан кейін шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар.

"Дәл қазір Гриндавикке қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда жағдай тұрақтана бастағанша ештеңе айта алмаймыз", – деді Бенедикт Офейгссон RUV телеарнасына.

Кейінірек телекомпания магма шығатын жарықшақ ұзындығы 40 минут ішінде 1,5 шақырымға өскенін және қазір шамамен төрт шақырымға жеткенін хабарлады. Лава сағатына алты шақырым жылдамдықпен ағып өткен.

Айта кетейік, Рейкьянес түбегінде соңғы жанартау атқылауы екі ай бұрын тіркеліп, үш аптадан астам уақытқа созылды. Жалпы Исландияда 30-дан астам белсенді жанартау жүйесі бар, бұл Еуропадағы ең үлкен көрсеткіш.



Еске салайық, Ресейдегі Камчаткада 7,1 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан Шивелуч жанартауы атқылағанын жаздық. Жерасты дүмпуі Тынық мұхитында, Камчатканың оңтүстік-шығыс жағалауында тіркелді. Петропавл-Камчатский және Вилюйск қалалық округтерінде және Елизовский және Усть-Камчатск аудандарында жер сілкінісінің күші 7 балға дейін сезілді. Қазір жер сілкінісінен болған шығындар есептеліп жатыр. 

Талқылау