Исландияда тағы да жанартау атқылады (видео)
Исландиядағы Рейкьянес түбегінде жанартау атқылады. Дегенмен жарықшақтың ұзындығы белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Reykjavík Grapevine басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: x.com/JohnCremeansUSA
Бұл 2023 жылдың желтоқсанынан бергі жетінші жанартау атқылауы. Қазіргі уақытта жанартау, Гриндавик ауылынан қарсы бағытта ағып жатыр.
Бірақ қалада халықты көшіру қайтадан басталды. Жанартау атқылау кезінде Гриндавикте 60-қа жуық адам болған.
Iceland - According to the Norwegian Meteorological Agency, seismic activity near the #Sundhunka crater suggests that magma flow has begun, which is likely to lead to an #eruption in the next few hours. Some pictures of which are like this.. #Iceland #BombCyclone #Volcano pic.twitter.com/XBGj1ZfGiR
— Dr. Vijendra Khamosh (@VijendraMeena18) November 21, 2024
Бір жыл бұрын күшті жер сілкінісі салдарынан қала халқы эвакуацияланып, соның салдарынан қалашықтың бір бөлігі қираған еді. Тұрғындарға 21 қазанда өз үйіне оралуға рұқсат етілген.
Айта кетейік, бұған дейін Исландияның оңтүстік-батысындағы Рейкьянес түбегінде тағы бір жанартау атқылауы болған еді. Оның алдында 4 балдық жер сілкінісі тіркелген.