"Исламды қаралады" деп айыптап, көшеде тіл тигізді": Эммануэлла Наурызбаева тағы қысымға ұшырады (видео)
Фото: Видеодан скрин
Ақтөбе мешітінде ер адамнан қысым көргенін айтқан Эммануэлла Наурызбаева енді Алматыда да тыныштық көрсетпеген. Оны көшеде басқа ер адам танып қалып, қызға балағат сөздер айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Эммануэлла Наурызбаева Instagram парақшасында жаңа видео жариялап, Алматыда бейтаныс ер адамның өзіне тіл тигізгенін айтты.
Эммануэлланың айтуынша, көшеде оны бір ер адам танып, алдымен мешіттегі оқиға туралы сұраған. Кейін оны "шайтан" деп атап, ислам дінін қаралады деп айыптаған. Эммануэлла ер адамның түрін видеоға түсірмек болғанымен, ол қашып кеткен. Қыз полицияға арыз жазғанын жеткізді.
"Мен дау іздеген жоқпын. Хайп қуған емеспін. Бар болғаны өзімді, басқа әйелдерді, балаларымызды қорғағым келді. Ол видеоны қаралым үшін емес, мешітте маған жасалған әрекетті дәлелдеу үшін түсірдім. Мына тағы бір ер адамдардың қыздарға деген көзқарасының дәлелі. Бізді біреу зорлап кетсе де, ешкім үндемейді", – деп жазды Эммануэлла Instagram парақшасында.
"Ауғанстанға көшіп кет": Баян Мақсатқызы мешітте қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовке ашуланды
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде мешітте ер адам қызға интимдік қатынас үшін бір реттік некеге тұруды ұсынғаны туралы жазған едік. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында 42 жастағы күдікті Талғат Ахметовке қатысты іс қаралды. Оны 5 күнге қамау туралы шешім шығарды.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
