Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

UFC-дің үздік спортшысы Ислам Махачев Шавкаттың салмағындағы чемпиондық белбеуге таласуға ниетті

UFC тұжырымының жеңіл салмақтағы чемпионы, дағыстандық Ислам Махачев Шавкат Рахмонов өнер көрсететін салмақтың чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасуға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Mmafighting.com" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Атақты Нұрмағамедовтердің және Ислам Махачевтің бапкері Хавьер Мендес шәкіртінің Шавкаттың салмағындағы белбеуге үмітті екенін айтты.

“Оразадан кейін Махачев Мэдисон-Сквер-Гарденде жекпе-жек өткізеді деп ойлаймын. Әуелі Джастин Гэтжи мен Чарльз Оливейрамен жұдырықтасып, жеңеді. Содан кейін жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек болады. Исламның дәл осы салмақтың чемпионы болғанын қалаймын. Оның да қалауы – осы. Егер биыл чемпиондық атағымызды екі рет қорғасақ, UFC бізге жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек беруі әбден мүмкін”, – деді білікті бапкер.


"Таяқ жеуге намыс жібермейді": Шавкат Рахмонов спорттан қашан кететіні туралы


Айта кетейік, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтың рейтингінде 3-орында тұр. Оны чемпиондық титулдан бір ғана жекпе-жек алшақтатып тұр.  

Талқылау