Ислам Каримовтың қызы кеудесі «жалаңаш» түскен суретін жариялады
Өзін сыпайы ұстайтын Лола Каримова-Тилляева әлеуметтік желі қолданушыларын әдеттегіден өзгеше суретімен таңдандырды.
Өзбекстанның бірінші президентінің кіші қызы Лола Каримова-Тилляева Instagram-дағы жеке парақшасында кеудесі жалаңаш сияқты көрінетін суретін жариялады, – деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Лола Каримова-Тилляева өзінің сыпайылығымен және шығыс дәстүріне бекемдігімен танымал. Ол қайырымдылық және мәдени қызметпен айналысады.
Бұған дейін аталғандардың барлығы оны әпкесі Гүланарадан бір төбе жоғары көрсететін. Әпкесі әлеуметтік желідегі оқырмандарын ашық-шашық суреттерімен таңдандырғанды ұнататын-ды.
Өзбекстандықтардың Каримовтың кіші қызының жаңа бейнесіне деген көзқарасы да сан алуан болды. Кейбірі жарияланған суретті орынды десе, басқалары нағыз фотоөнеріне дұрыс көзқарас танытуға шақырды.
Сонымен қатар Каримова-Тилляева ЮНЕСКО-да Өзбекстанның өкілі саналатындықтан, мұндай суреттің жариялануына қатысты жағымсыз пікір білдіргендер де табылды.
Жіберіп алмаңыз:
АҚШ-та мойнына «қарғы бау тағылған» қара нәсілді қыздың суреті дау туғызды
Флоридалық мұғалім тақта алдында оқушы қызбен азғындық әрекет жасады деп айыпталуда