Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам Кәрімов өзбекстандықтарды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Ислам Кәрімов өзбекстандықтарды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Өзбекстан президентінің ресми сайты хабарлап отыр.

819944

Фото: ru.sputniknews-uz.com

“Баршаңызды шын жүректер Өзбекстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен құттықтаймын! Бұл тәуелсіздік біздің сан ғасырлық тарихымыздың жаңа парағын ашты, оны тоталитарлық құрсаудан босатты. Тәуелсіздік бізге еркін және жайлы өмір сүруге мүмкіндік сыйлады”, – делінген құттықтау хабарламасында.

Каримов атап өткендей, “Өзбекстан қысқа тарихи уақыт ішінде артта қалып кеткен, ештеңе мүмкіндігі жоқ елден біртарапты экономикасы бар, мақта өндірісіндегі алпауыт елге, тұрмысы төмен жағдайдан тұрақты әрі даму динамикасы бар күшті мемлекетке, әлемдік қауымдастықта өзінің лайықты орынын алған республикаға айналған”.

Құттықтауда тәуелсіздік алған уақыттан бері Өзбекстан экономикасы алты есеге артып, соңғы 11 жыл ішінде жалпы ішкі өнім көлемі 8 пайыздан төмендемегенін атап көрсеткен.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы шенді қызметте отырғандарды ескі көзқарас, жұмыс істеу тәртібі, әдіс-тәсілдерінен арылып, жаңаша бастамалармен, мекеменің жұмыс және басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеру керектігін айтқан. Ол мұны жылдам өрбіп жатқан жаһандық өзгерістермен, аса тартысты бәсекелестік, әлемдік нарықтағы тұрақсыздықпен байланыстырған.

Өзбек басшысы сонымен қатар, әлемде болып жатқан қақтығыстар мен өзгерістер үнемі мұқият болуды талап ететіндігін жеткізген. Президент “біз қауіпсіздікті сақтау, Өзбекстан шекарасының бұзылмауын, ел азаматтарына еш қауіп төнбеуін басты міндет етіп қоюымыз керек” дейді.

Естеріңізге сала кетейік, 78 жастағы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің миына қан құйылып, ауруханаға түскен болатын. Күні кеше БАҚ-тарда оның мезгілсіз қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Президенттің туыстары мұны теріске шығарғанымен, Өзбекстандағы «Ферғана» басылымының редакторы жазылған ақпаратты растайтын сенімді дереккөздері бар екендігін айтқан. Сондай-ақ, ауруханада жатқан Кәрімовты халыққа көрсетуді талап еткен еді. 

Бұған дейін Лола Кәрімова әкесін қолдаған отандастарына алғысын айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстанда тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шаралар тоқтатылды

Өзбекстандық шенділер Кәрімовтің резиденциясында жезөкшелермен төсектес болған

Назарбаев: Мен Сізбен достығымды, қазақ пен өзбек халқының достығын мақтан тұтамын

Талқылау