Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Іштей суып, тынып жүрмін": Ерке Есмахан оқырмандарына жан сырын ақтарды

Танымал әнші Ерке Есмахан желіде өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманға жауап беріп, көпшілікке ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://vk.com/erke_esmakhan_official

Өнер иесі ауыр сөз жазған оқырман әйелдің парақшасына жариялады. 

“Ұйықтар алдында әлеуметтік желіні қарап отырып, бір видеодан өзім туралы мынандай пікірді оқып қалдым. Кім түсіндіріп бере алады маған? Не мағына береді? Ең әдемі қазақ қызы міне. Жақсы-ақ адам сияқты. Өзі ғана сондай ма екен? Әлде құрбылары да сондай ма екен? Қысқасы, сөз жоқ. Тек сіздермен бөлісіп қояйын дегенмін ғой. Неше түрлі адам болады. Біліп жүріңіздер”, – жағымсыз пікір жазған оқырманының фотосын жариялады. 



Одан кейін әнші мұндай ауыр сөздерді сабырлықпен жеңгенімен, бәрібір көңіліне тиетінін жасырмады. 

“Менде жүрек жоқ деп ойлап, сонша мені көре алмай, ішіндегі уларын шашып, лас сөздерді айтатын адамдарды Аллаға тапсырдым. Әр қиындықты, ауыр сөзді, мазақты күліп қарсы алып,сабырлықпен жеңгеніммен іштей суып, тынып жүретінімді біле жүріңіздер", – деп жазды әнші. 

Еске салайық, "Сөмке емес, сауап жина" деп ақыл айтқан оқырманына Ерке Есмахан жауап берген еді. 

Талқылау