Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі азаматтарды тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруларды өз еркімен тапсыруға шақырды

Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды тапсыруға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлер қару қоймаларынан, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлаған. Полиция қару-жарақты қайта тапсыруға шақырды. 

"Ұрланған қару мен оқ-дәрілер заңсыз мақсатта пайдаланылуы, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау қылмыстық  және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, әрекеттерінде басқа қылмыстар болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Осыған орай, азаматтарды заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен арнайы техникаларды өз еркімен тапсыруға шақырамыз. Жазатайым оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілерге ешқандай шара қолданбауларыңызды, тасымалдауға әрекет жасамауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі жүргізіліп жатқан жұмыстарда тұрғындардың түсіністігі мен қолдауына сенеді.

Талқылау