Ішкі істер министрлігі есірткі курьерлерін іздейтін Telegram-каналдарды неге бұғаттамайтынын түсіндірді
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов есірткі курьерлерін іздейтін Telegram-каналдарды неге бұғаттамайды деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Telegram-канал – бұл да БАҚ-тың бір түрі. Біздің мемлекет ашық мемлекет болғандықтан, бұғаттауға болмайды. Қазір Telegram иелерімен байланыс орнаттық, қол қойылған меморандум бар. Әрине, бұл жұмыс басталды, күнде жүйелі жұмыс істеп жатырмыз, ақпарат алмасамыз", – деді Қуандық Әлжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, Қазақстанның басқа интернет алаңдарында да есірткі сайттары туралы ақпарат тарағандықтан, проблемалар болған. Алайда полицейлер алаң жетекшілерімен меморандумға қол қойып, проблемалар жойылған.
"Бізде Telegram бойынша үлкен проблема болған. Сондықтан олармен жұмысты жалғастыра отырып, құқыққа қайшы мазмұндағы контент жастарға жетпеуіне күш саламыз. Бұл жұмысты аяқтаймыз деп ойлаймын", – деді спикер.
Айта кетейік, бұған дейін бір топ адамның Telegram мессенджерінде "Thс Seller" атты наркошоп ашқаны анықталғаны туралы жазған едік. Осы ресурс арқылы 2 мыңнан астам клиент есірткі сатып алып, жалпы айналым 100 миллион теңгеден асқан.
Алматы облысында полицейлер жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген тұрғынды ұстады.
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін үкіметте есірткіге қарсы штаб құрылғаны хабарланды.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
