Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сіз оны 17 азаматтың зорлағанына сенімдісіз бе?": ІІМ басшысы атышулы оқиғаға байланысты пікір білдірді

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысындағы сарыағаштық оқушы қызды 17 азаматтың зорлауына қатысты іске пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыметроқұрылыс

"Сіздер ол қызды 17 ер адамның зорлағанына сенімдісіздер ме? Қыз бала бір күн бойы жоғалып кеткен. Жедел іс-шаралар барысында ол табылып, анасына қайтарылды. Ол күні ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Арыз тек бір күннен кейін ғана түскен. Кейін қыздың анасы нотариалды куәлік беріп, арыз жазудан бас тартты. Тек бірнеше күннен кейін ғана әлеуметтік желілерде 17 ер адамның оқушы қызды зорлағаны туралы ақпарат пайда болады", – деді Тұрғымбаев мәжіліс алаңында журналистердің сауалдарына жауап беру сәтінде.

Ол сонымен қатар жаңа түскен шағымды полиция тіркеуге алғанына сендірді.



"Біз тексеруге міндеттіміз, жәбірленушіге қатысты бірқатар медициналық тексерулер жүргізілуде. Осы тексерудің нәтижелері бойынша шешім қабылданады", – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында анасы қызын 17 ер адам зорлағанын мәлімдеген болатын. Жантүршігерлік оқиға осы жылдың маусым айында болғанымен, тек қазір ғана жария етілген.

Талқылау