Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрі Алматыда үш адамды көлікпен мыжғандарға қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда үш адамды аяусыз қаққандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көлік

Оның айтуынша, автокөліктер тәркіленіп, күдіктінің біреуі ұсталған.

«Күдіктінің біреуі ұсталды, қазір екіншісі іздестірілуде. Уақыт өтпей ол да ұсталады деп ойлаймын. Олар автокөлікті оқиға болған жердегі жақын маңға тастапты, тіркеуге алынды. Түрлі жарақат алған үшеуі ауруханада жатыр. Екеуінің аяқ-қолдары сынған және басынан жарақат алған», – дейді Тұрғұмбаев.

ІІМ тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанына байланысты күдіктілердің есімін атаудан бас тартты.

«Мен мән-жайды ашып айтпай-ақ қояйын. Барлығын тек сот ғана шешеді. Бірнеше баптар бойынша: мас күйінде көлік жүргізу, бұзақылық және адам денсаулығына зиян келтіру салдарынан кісі өлтіру әрекетіне барған», – дейді министр.

Еске салсақ, 26 тамыз күні Алматыда көлікті қару ретінде пайдаланған төбелес болды. Оқыс оқиға Бостандық ауданындағы Гагарин-Дружба көшелерінің қиылысында таңғы сағат бес шамасында орын алғаны хабарланған болатын. 

Талқылау