Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ішін кесіп, 7 айлық шарананы алып қашқан": Жүкті әйел өзіне шауылдаған қылмыскердің кесірінен сәбиінен айырылғанын айтты

Фото: People

АҚШ-тың Колорадо штатының тұрғыны Элли Уилкинс он жыл бұрын өзімен болған сұмдық оқиғаны айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2015 жылдың наурыз айында 26 жастағы Уилкинс интернеттегі жарнама арқылы жүкті әйелдерге арналған киім сатамын деген бейтаныс әйел, Дайнел Лэйнмен кездеседі. Ол кезде Уилкинс жеті айлық мерзімде жүкті болатын. Екі әйел бірге кофе ішіп, әңгімелесіп отырады. Алайда шамамен бір сағаттан кейін, Уилкинс кетуге дайындалғанда, Лэйн кенеттен оған шабуыл жасаған.

Төбелес кезінде жүкті әйел есінен танып қалады. Есін жиса, өзін қанға малынған күйде төсек үстінде жатқанын көреді. Қатты ауырсынғанына қарамастан, ол 911 нөміріне қоңырау шалып үлгереді. Кейін белгілі болғандай, Лэйн оның ішіндегі нәрестесін кесіп алып, баланы өзінікі етіп көрсетпек болған. Тіпті ауруханаға барып, "менің балам түсіп қалды" деп мәлімдеген. Полиция оны сол жақта тұтқындады. 



Уилкинс қанның 40 пайызынан айырылғанымен, аман қалды.  Бірақ қызы қаза тапты. Қылмыскер 100 жылға сотталды.

Бірнеше жыл өткен соң ғана, қазір 37 жасында, Элли қайтадан ана болуға дайын екенін айтты.

"Мен Дайнелді жек көрмеймін, бірақ оның маған жасаған азабы үшін әлі де ашулымын", – деді ол.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 27 Қазан, 2025 19:55
Талқылау