"Ішімде сақтап, үндемей қалдым": Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдарда азап шеккенін жасырмады
Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сәтсіздіктің кесірінен денсаулығының сыр бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/
Өнер иесі әзілкеш Жахан Отарғалиевтен ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін баяндап берді.
“Әр нәрсенің қайыры бар демекші, жаңалықтан кейін маған қолдау білдірген жан көп болды. Қазіргі өмірім өзіме ұнайды. Ажырасқаннан кейінгі тәжірибені бөлісейін. Қыздар, егер адамыңыз сізге ұнамаса, бірден кеткеніңіз жөн. Ішіңізден нені қалап тұрсыз, нені айтқыңыз келіп тұр, соны бірден шығарып тастаңыз. Не нәрсе ұнамайды, соны бірден ашық айтып тастаңыз. Егер ішіңізге жинай берсеңіз, менің бетім сияқты сыртқа шығатын болады. Тіпті, ауру болып та сыртқа шығатын жағдайларды көріп жүрміз. Мен осы кезеңнен өттім. Бір жыл бұрын бетімнен адам шошитын еді. Өйткені мен конфликтіден қаштым. Ұрыс кезінде жарайды деп көне салдым немесе үндемей іштен тындым. Түбінде өзім зардап шектім”, – деді Балжан.
-
"Бетіне баспа": Әсел Асқар екі баласы бар келіншекке үйленген Жахан Отарғалиевке ақыл айтты
-
"Сұрағанымды берді": Жахан Отарғалиев екі қызы бар келіншекке үйленгенін растады
Өнер иесінің сөзінше, мұндай іс-әрекетінің дұрыс емес екенін кейін барып түсінген.
“Бұл түсінік маған саналы түрде енді ғана келіп жатыр. Күйген дүние күйіп, көкірегі тесіліп кетсе де, ойымды ашық жеткізуді үйрендім. Есесіне бәрі шынайы болады. Үнемі тыныштықты қалаған қашқын мінезімнен өзім азап тарттым”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, Балжан Бидаш бұрынғы күйеуінің үйленіп кеткеніне пікір білдірген еді.