Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің қарсыласын допинг қолданғаны үшін өмір бойына спорттан аластатпақшы

Ирландық боксшы Эрик Донован (7-0, 4 КО) Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) реваншқа түсетін мексикалық спортшы Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қатысты допинг дауынан туған жаңалыққа жауап берді.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Кленбутерол өте маңызды нәрсе, оған бұлшық етті айыптай алмайсыз. Бұл  есірткі қолданатын адамдардың, Амстердамдағы тәтті тортты айыптағанымен бірдей. Бұл дәрі майды ыдыратып, бұлшық етті өсіріп және тыныс алуға көмектеседі. Егер дәрі қолданарда қандай қиындықтар болатынын біле тұра пайдалансаң, онда саған ешкім зиян келтіре алмайды. Өмір бойына спорттан аластату керек», – деп жазды Донован твиттерде.

Егер WADA Альвареске санкциялар қолданбаса, оның Головкинмен болатын реваншы жоспарланғандай 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді.

Айта кетейік, Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші жекпе-жегінің қарсаңында допинг қолданды деген ақпарат тараған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жегі сәуір айында өтеді

Қазақстан Азия чемпионатында грэпплинг спортынан бірінші орын алды

Данияр Елеусінов біржола кәсіпқой боксқа ауысып, британдық промоутермен келісім-шарт жасасты

Гимнастшы Алина Әділханова Ригадағы турнирде күміс жүлдегер атанды

Талқылау