Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

85 жастағы қария салық төлемеу үшін гей болып кетті

Ирландияның Дублин қаласында 85 жастағы тұрғыны Мэтт салықтан босатылу үшін, өз досымен бір жынысты некеге тұруды ұйғарды, деп хабарлайды The Irish Times басылымына сілтеп Stan.kz.

Мэттің болашақ күйеуі Майкл О’Салливан қариямен 30 жылдан астам уақыт бойы дос болып келе жатқанын айттты. Мэтт өзінің үйін досының атына жазып қалдырмақ болған. Бірақ жергілікті заң бойынша, үйді иемденуі үшін досы 33 пайыз салық төлеуі тиіс.

Достар заңды оқып шығып, ерлі-зайыптылардың немесі бірге тұратын азаматтардың аталған салықтан босатылатынын білген. Мұнан кейін бір жынысты некеге тұруды ұйғарыпты.

Ирландия 2015 жылы бір жынысты некеге тұруға рұқсат берген еді.

Екі ер адам өздерінің гей емес екендігін айтқан. Бірақ өз шешімдерін «жақсы ой» деп біледі. Неке рәсімі 22 желтоқсанға белгіленген.

Оқи отырыңыз:

Фермер үлкендігі итпен бірдей болатын сиырлар тұқымын өсіріп шығарды (видео)

Үндістанның кедей штатының тұрғындары егеуқұйрық жеп күн көруде

Ирландиялық әжей жаңа жылдық шыршаны әйелдерге арналған іш киіммен безендіріп қойған

Британиялық әйел Рождество мейрамында қайтыс болған анасының мәйітінен тамақ жасап жемек

Талқылау