Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирина мен Сергей Безруковтардың ажырасуына гауһар тасты сақина себеп болды

Өткен жылы белгілі актер Сергей Безруков 15 жыл бірге тұрған әйелі Иринамен ажырасқан болатын. Жуырда Безруков жанұя шырқын гауһар тасты жүзік бұзғанын айтты.

uzn_1441980353

Сурет uznayvse.ru

Бұл туралы informing.ru сайты хабарлайды.

Актер айтқандай, неке қиғанда ол классикалық алтын неке сақиналарын сатып алды, алайда Ирина қымбат, гауһар тасы бар жүзікті қалаған.

Сергей ырымдарға сенетінін атап өтті. Ерлі-зайыптылар еш оюы, тасы жоқ неке сақинасын тағуы керек деген сенім бар екенін айтты. Сол жағдайда олардың өмірі тегіс сақинадай бақытты болады. Актердің сөзіне қарағанда, Ирина таңдаған сақина олардың некесінің бұзылуына себеп болды.

Сергей Безруковтың бірнеше күн бұрын режиссер және сценарийші Анна Матисонмен неке қиғаны белгілі. Бұл жолы ол тегіс жүзіктер сатып алған.

Талқылау