Ірі апатқа байланысты Рудный орталығы жарықсыз қалды
Рудный қаласының электр желілерінде ірі апат болды. Бірнеше орталық көше, оның ішінде Ленин, Дзержинский, Восточный және Пионерский, Горький көшелерінің тұрғындары жарықсыз отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әзірге қанша үй жарықсыз отырғаны туралы нақты дерек жоқ. Қала әкімдігі қосалқы станцияда апат болғанын растады.
“Орталық қосалқы станциядағы қуаттау кабеліне зақым келген. Қаланың төрт көшесінде ішінара жарық сөндірілді. Қай жерге зақым келгені анықталды. "Аттика" ЖШС оны жою үшін жұмыс істеп жатыр. Жағдайды Рудный қаласы әкімдігі бақылап отыр, – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Қазақстаннан импортталатын электр энергиясын Қырғызстандағы майнинг фермалары қолданатыны туралы ақпарат тарады. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме берген еді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”