Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранның рухани көшбасшысы Израильмен арадағы қақтығыста жеңіске жеткендерін мәлімдеді

Иранның рухани көшбасшысыФото: Getty Images

Иранның жоғарғы көшбасшысы Израильмен арадағы қақтығыста жеңіске жеткендерін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялап, "Иран халқын сионистік Израиль режимі жеңіп шығуымен" құттықтады.


Трамп Иран мен Израиль арасында “бейбітшілік орнатудағы” рөлі үшін Нобель сыйлығына ұсынылды

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді


"АҚШ режимі бұл соғысқа тікелей араласуға мәжбүр болды, себебі егер араласпаса, сионистік режим толық жойылатынын сезді. Бірақ бұл соғыстан ешқандай пайда таппады. Бұл жерде де жеңіске жеткен — Ислам Республикасы. Ислам Республикасы Америкаға қатаң соққы берді", – деді ол жергілікті телеарнада сөйлеген сөзінде.

Еске салсақ, 13 маусымда Израиль әскері Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасап, бірнеше жоғары лауазымды әскери қолбасшыны өлтірген еді. Бұған жауап ретінде Тегеран Тель-Авивке зымырандар мен дрондар арқылы соққы жасай бастады. 22 маусымда қақтығысқа АҚШ қосылды. Америкалық әскерилер Иранның Фордо, Натанс және Исфахан қалаларындағы үш негізгі ядролық нысанына соққы жасады. 24 маусым Иран мен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 20:00
Талқылау