Иранның рухани көсемі Хаменей өлтірілді – БАҚ

Фото: The Washington Times
Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменейдің резиденциясы АҚШ пен Израильдің әуе шабуылдарынан қирады. Желіде оқиға орнынан алғашқы фотолар пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Израиль басылымы Әли Хаменей өлтірілгенін мәлімдеді.
The New York Times мәлімдеуінше, Әли Хаменейдің негізгі резиденциясы және жоғары деңгейдегі үкіметтік кездесулер өтетін орын ретінде қызмет ететін қауіпсіз кешен толық қирады.
Қаза болғандар арасында Иран қорғаныс министрі Әмір Насирзаде және ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Мұхаммед Пакпур болуы мүмкін.

Алайда Иранның өзі ақпаратты әзірге растамады. Десе де Хаменей әзірге жұрт алдына шыққан жоқ.
Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи NBC News телеарнасына берген түсініктемесінде “бірнеше ирандық қолбасшы қаза болды, бірақ жоғары лауазымды басшылар тірі” деді.
Сондай-ақ Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад тұратын аймаққа соққы жасалғаны атап өтілген.
Одан бөлек Ирандағы қыздар мектебіне жасалған соққыдан қаза болғандар саны 58-ге жетті.
Бір күн бұрын сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға жағдай тұрақтанғанша Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған еді. Содан кейін Израиль Иранға шабуыл жасады. АҚШ та Иранға қарсы әскери операция басталғанын мәлімдеді. Бұдан кейін Иран Израильге, Бахрейн, БАӘ-дегі АҚШ базасына шабуыл жасады.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған