Иранның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Тегерандағы АҚШ пен Израильдің шабуылы кезінде қаза тапты

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Али Лариджани Тегеранда жасалған шабуылы кезінде мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Али Лариджанидің қазасы туралы оның кеңсесі өзінің Telegram арнасында мәлімдеді.
“Мен, Құдайдың құлы, Раббыма қайттым”, – делінген хабарламада.
Иран президенті Масуд Пезешкиан Лариджани өлімі үшін кек алуға уәде етіп, қайғыра көңіл айтты.
“Қасиетті Иран жерінің шейіт болған батыл әрі қайсар ерлердің қанын мойнына жүктеген қылмыстық лаңкестерден сөзсіз кек аламыз”, – деді Пезешкиан.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Лариджани Тегеранға АҚШ пен Израильдің ұшақтары шабуыл жасаған кезде өзінің ұлы, орынбасары және бірнеше жеке күзетшілерімен бірге қаза тапқан.
“Лариджани Пардис ауданындағы қызының пәтерінде ұлы, орынбасары және бірнеше күзетшілерімен бірге АҚШ пен Израильдің ұшақтарының шабуылына ұшырап қаза тапты”, – деп жазды басылым Fars агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін түнде Израильдің авиациялық соққысының салдарынан Иранның “сұр кардиналдарының” бірі – Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің (ҰҚЖК) хатшысы Али Лариджани қаза тапты. Ол бірнеше жыл бойы саясаттағы негізгі тұлғалардың бірі болды: парламент спикері болып қызмет атқарған, ядролық келіссөздерге қатысқан және Иранның Жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи қайтыс болғаннан кейін елдің уақытша басқарушы кеңесін басқарған.
Бұған ейін Иранның жаңа тағайындалған Жоғарғы көшбасшысы жараланып, ем алу үшін Мәскеуге жеткізілгені туралы жазған еді. Алайда Иранның Мәскеудегі елшісі Қазем Жалали жаңа Жоғарғы көшбасшы Моджтаба Хаменеи Ресейде ем алып жатыр деген ақпаратты "психологиялық соғыс" деп атап, бұл мәліметті ресми түрде теріске шығарды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған