Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранның Израильмен атысты тоқтату шешімі күшіне енді

Фото: AP Photo / Vahid Salemi

Иран тарапынан атысты тоқтату режимі күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Иранның Израиль басып алған территорияларға қарсы төрт толқынынан кейін атыс тоқтады.

Бұған дейін Трамп Израиль мен Иран арасындағы атысты толығымен тоқтататынын жариялады. Келісім АҚШ пен Катардың бірлескен делдалдығының нәтижесі болды. Дональд Трамп бітімгершілік келісімі АҚШ-тың шабуылының арқасында болғанын мәлімдеді. 

Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иран әскерлеріне Израильге қарсы қимылдары үшін алғыс айтты.

"Біздің қуатты қарулы күштеріміздің Израильді агрессиясына қарсы әскери операциялары сағат 04:00-ге дейін жалғасты", – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін 22 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық нысандарына соққы жасағанын мәлімдеген еді. Шабуыл жасалған нысандар қатарында Фордо, Натанзу мен Исфахан бар. Толыққанды соққы басты нысан – Фордоға жасалған. Ал кейіннен Иран парламенті стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазын жабу туралы шешімді мақұлдаған. Дегенмен бұл шешімнің күшіне енуі үшін Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы кеңесінің бекітуі қажет. Ормуз бұғазы арқылы әлемде тұтынылатын мұнай мен газдың шамамен бестен бірі тасымалданады.

Рысбек Арапханұлы
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 11:20
Талқылау