Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ираннан мұнай сатып алғандар Америкада кәсіп жүргізе алмайды – Трамп

Фото: AP/Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы санкцияларды күшейтті. Ол Ираннан мұнай немесе мұнай өнімдерін сатып алған мемлекет немесе адамға Америкада бизнес жүргізуге рұқсат етілмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Трамп мұндай мәлімдемені Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты жоспарланған келіссөздер кейінге шегерілгеннен кейін жасады. 

“Ираннан мұнай немесе мұнай-химиялық өнімдерді кез келген мөлшерде сатып алған ел немесе тұлға бірден екінші деңгейлі санкцияларға ұшырайды. Олар АҚШ-та мүлдем кәсіп жүргізе алмайды", – деп жазды ол.

Трамп қызметке кіріскен сәттен бастап Иранға қарсы "максималды қысым" деп аталатын кампанияны жүзеге асырып келеді. Бұл кампания Ислам Республикасының мұнай экспортын толық тоқтатуға бағытталған. Президент Иранды мұнай сатудан түскен табысты Таяу Шығыстағы түрлі жауынгерлік топтарды қаржыландыру үшін пайдаланды деп айыптады.

Иранның сыртқы істер министрлігі АҚШ-пен ядролық келісім бойынша келіссөздердің жаңа кезеңін кейінге шегеруін "логистикалық және техникалық” себептермен түсіндірді.

Бұған дейін Иран АҚШ әуе соққысын жасауы мүмкін деп қауіптеніп, әскеріне жоғары әскери дайындық режимін енгізген еді. 

Айым Болатқызы
Жұма, 02 Мамыр, 2025 08:29
Талқылау