Израиль әлем бойынша барлық елшіліктерінің жұмысын тоқтатты
Фото: АА
Израиль Иранға жасаған ауқымды соққыларынан кейін шетелдегі барлық елшіліктерін жабуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Израиль билігі азаматтарды аса сақ болуға шақырды. Сонымен қатар, консулдық қызметтер уақытша тоқтатылады. Азаматтарға қандай да бір қауіп немесе дұшпандық әрекеттер болған жағдайда жергілікті құқық қорғау органдарына хабарласу және оларға жәрдемдесу ұсынылды.
Израиль Иранға қайта соққы жасады: Трамп Иранды келісімге келуге шақырды
Еске сала кетейік, 13 маусымға қараған түні Израиль Тегеранның ядролық нысандарына байланысты Иранға әуе соққысын жасады, ондаған нысана жойылды. Израиль бұл шабуылға 200 ұшақ пен 330-дан астам зымыран қолданды. Израильдің әскери-әуе күштері Иранның түрлі аймақтарына, соның ішінде Тегеранға бірнеше толқынды шабуыл жасады. Иран БАҚ-тарының хабарлауынша, шабуыл барысында Иранның жоғары шенді әскери қызметкерлері мен бірқатар ядролық ғалымдар қаза тапқан.
Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі арнайы үндеу жариялады.