Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирандық қыздар футбол көру үшін еркек болып киініп алды (видео)

Ирандағы футбол алаңына кіргісі келген «Персеполис» футбол клубының бес жанкүйері жалған сақал мен мұрт жапсырып, ерлердің киімін киіп алған.

Ирандық қыздар футбол көру үшін еркек болып киініп алды

Бұл туралы Daily Sabah хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сол күнгі матчта «Персеполис» футбол клубын марапаттау рәсімі өтті. Аталған құрама осымен 11-рет Парсы шығанағындағы Pro League лигасының чемпионы атанды. Футболды өз көздерімен көргілері келіп, ерлерше киініп алған қыздар сүйікті командасының жалауымен суретке түсіп, әнұранын орындады.

Айта кетейік, Иран заңы бойынша әйелдерге ерлер футболы мен волейбол матчтарына баруға тыйым салынған. Ал футболды өз көздерімен көргілері келген бес бойжеткен өздерін танымасын деп, еркек секілді киініп барған. Ағымдағы жылдың наурыз айында Иран астанасы Тегеранда Персеполис пен Эстеглал арасындағы дербиді көруге тырысқан 35 қыз ұсталып, алаңнан шығарылған екен.

Сонда матчты трибуннан тамашалап отырған ФИФА президенті Джанни Инфантино, Иран басшысы Хасан Рухани әйелдерді барлық спорттық шараларға жіберуді жоспарлап жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар барабанда ойнау арқылы тілдесетін тайпаны тауып алды (видео)

Тиматидің күзетшілері әуежайда “Мәскеу-Алматы” рейсінің жолаушысымен жанжалдасып қалды

Акула бөгеттен өтіп кетіп, 4 жасар қызға қарай секірді (видео)

22 жастағы келіншек YouTube-тегі видеоға қарап өзін-өзі босандырған

Талқылау