Қазақстандықтар Ираннан Түркіменстанға қашып кеткен
Фото: Meghdad Madadi/Getty images
Түркіменстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдерден 120-ға жуық адам өткізу бекеттері арқылы Түркіменстан шекарасына өткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство өкілдері Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайға байланысты шетелдік дипломаттар мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ қазір Иранда орналасқан басқа да азаматтардың шығуына өз аумағын ұсынғанын хабарлады.
"Бүгінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдерден 120-ға жуық адам өткізу бекеттері арқылы Түркіменстанның мемлекеттік шекарасына өтті", – делінген хабарламада.
Олар көлікпен, азық-түлікпен, қонақүймен және қажет заттармен қамтамасыз етілген. Бұған қоса Түркіменстанның мемлекеттік органдары шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен және халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта екені айтылған.
Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль Қорғаныс армиясы Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған еді. Соққы астында Тегеран, Натанз және Фордо қалаларындағы нысандар мен Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) позициялары қалған.
Иран Израиль соққыларының салдарынан жоғарғы әскери басшылық пен жетекші ғалымдар қаза тапқанын растады.

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
