Иранда марафон ұйымдастырушылары әйелдер хиджабсыз жүгіргені үшін қамауға алынды

Видеодан скриншот
Иранның сот билігі екі марафон ұйымдастырушысының хиджаб кимеген әйелдерді жарысқа қатыстыруға рұқсат бергені үшін ұсталғанын хабарлады. Бұндай шешім интернетте жұма күні өткен жарысқа хиджабсыз қатысқан әйелдердің суреттері тарағаннан кейін қабылданған. Бұл туралыт Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Марафон Иранның оңтүстігіндегі Киш аралында өтіп, оған 2 мың әйел және 3 мың ер адам қатысқан. Суреттерден қызыл футболка киген кейбір әйелдердің хиджабсыз немесе басқа бас киімсіз жүгіргені анық көрінеді. Оқиға қоғамда қарама-қайшы пікір туғызды.
Өзгерістерді қолдайтын ирандықтар бұл фотоларды әйелдердің билік белгілеген киім шектеулерін мойындамайтынының дәлелі ретінде қуана қарсы алды. Ал Иран билігі бұл жағдайды қолданыстағы тәртіпке қарсы ашық сын-қатер деп бағалап, оны қабылдауға болмайтынын айтты.
Содан кейін сот органдары марафон ұйымдастырушыларына қатысты жылдам шара қолданды.
Хиджаб ережесінің бұзылуы ғана емес, жалпы әйелдер қатысатын марафонның өзі теократиялық ислам билігінің тарапынан сынға ұшыраған.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды