Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда әнші хиджабсыз өнер көрсеткені үшін үстінен қылмыстық іс қозғалды

Иран билігі әнші Параста Ахмади мен оның командасына YouTube желісіндегі онлайн концерті үшін қылмыстық іс қозғады. Cебебі бойжеткен хиджабсыз өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Қауіпсіздік қызметі Ахмади мен төрт музыкантты ұстады. Әншінің адвокатының айтуынша, видеода ол хиджабсыз және иығы ашық көйлекпен болған, бұл Иран республикасының заңына қайшы.

YouTube Иранда бұғатталғанына қарамастан, жазба интернетке тез таралды. Бір тәулікке жетер-жетпес уақытта видео 150 мың қаралым жинады.

Иран билігі бұл шараның рұқсатсыз өткенін және құқықтық, мәдени нормаларды бұзғанын айтты. Ел заңдарына сәйкес, әйелдерге жеке ән айтуға және қоғамдық орындарда хиджабсыз жүруге тыйым салынады.

Жақында билік мұндай әрекеттері үшін жазаны қатайту туралы шешім қабылдады. Түзетулер қабылданса, хиджаб киюден бас тартып, "ұятсыздықты таратты" деп айыпталғандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда Иран президенті бұл түзетуді қабылдауға тыйым салған еді.

Талқылау