Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран жаңа көшбасшыларына қатысты шешімін жариялады

Иранның Жоғарғы көшбасшысын таңдау бойынша Сарапшылар кеңесі ортақ келісімге келді. Бұл туралы осы кеңестің мүшесі Мохаммад-Мехди Мирбагери мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mehr басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Сарапшылар кеңесінің мүшелері осы күндері Жоғарғы көшбасшыны анықтау үшін күш салды және міндетін орындады. Қуанышқа қарай, көпшіліктің пікірін білдіретін нақты әрі біртұтас ұстаным қалыптасты", – деді ол. 

Еске салсақ, бұған дейін қаза тапқан Жоғарғы көшбасшының 56 жастағы ұлы Моджтаба Хаменеи әкесінің орнына негізгі үміткерге айналғаны хабарланған еді. Алайда бұл туралы ресми мәлімдеме әлі жасалған жоқ.

Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығы толық ауысуы керек деген пікірін білдіріп, Вашингтонда "жақсы көшбасшы" бола алатын бірнеше ықтимал кандидат бар екенін айтты. Алайда Трамп олардың ешқайсысының атын нақты атаған жоқ.

Назархан Уән
Жексенбі, 08 Наурыз, 2026 15:25