Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран үкіметі Хаменеидің қаза тапқанын растады: Елде қырық күндік аза тұту жарияланды

 Фото: REUTERS/Majid Asgaripour

Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи АҚШ пен Израиль жүргізген операция салдарынан қаза тапты. Ақпаратты Иранның мемлекеттік Tasnim, IRNA, ISNA, Mehr және Fars агенттіктері растады. Елде аза тұту және демалыс күндері жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ирандық БАҚ-тың жазуынша, Ислам революциясының Жоғарғы жетекшісі жұмыс орнында – Көшбасшылар үйінде өлтірілген.

“Шейіт болған сәтінде ол өзіне жүктелген міндеттерді орындап отырған және жұмыс орнында болған. Бұл шабуыл сенбі күні таңертең ерте жасалды”, – деп хабарлады Tasnim агенттігі.

Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күнді демалыс күндері деп белгіледі.

“Жақын арада Иран Ислам Республикасының қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясы басталуы тиіс. Ол оккупацияланған аумақтар мен АҚШ базаларына бағытталады”, – деп мәлімдеді Ислам революциясы сақшылары корпусы.

Айта кетейік, бұған дейін Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменейдің резиденциясы АҚШ пен Израильдің әуе шабуылдарынан қирағаны туралы ақпарат тараған еді. Сол кезде Израиль басылымы Әли Хаменей өлтірілгенін мәлімдеген. 

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 01 Наурыз, 2026 08:11