Иран президенті көрші мемлекеттерге жасаған шабуылдар үшін кешірім сұрады

Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің көрші мемлекеттерге жасаған шабуылдары үшін кешірім сұрады. Оның айтуынша, болашақта Иран көршілеріне тек өзіне шабуыл жасалған жағдайда ғана жауап береді. Сонымен қатар Таяу Шығыстағы шиеленіс аясында Дубайда жарылыстар естіліп, әуежай жұмысы уақытша тоқтатылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shot арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде таңертең Дубайда бірнеше жарылыс болғанын жазды. Shot мәліметінше, Иранға тиесілі дрон Дубай халықаралық әуежайы аумағына құлаған. Алайда әуежайдағы рейстер бастапқыда тоқтатылмаған.
Дубай үкіметі бұл оқиғаны "дронның сәтті тосқауылдан кейін құлаған бөлшектерінен болған болмашы оқиға" деп сипаттады. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Кейін билік қауіпсіздік мақсатында Дубай халықаралық әуежайының (DXB) жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Әуежайдың қанша уақытқа жабылғаны әзірге нақтыланбаған.
БАҚ мәліметінше, Дубай әуежайының әрбір минуттық тоқтауы шамамен 1 миллион доллар шығын әкеледі.
Сонымен қатар Иран президенті Масуд Пезешкиан Иранның көрші елдерге жасаған шабуылдары үшін кешірім сұрады.
Оның айтуынша, болашақта Иран көрші мемлекеттерге олар бірінші болып шабуыл жасамайынша соққы бермеуі тиіс. Пезешкиан мұндай жағдайлар армиядағы басқару мәселелерінен туындауы мүмкін екенін айтты. Ол жағдайды күрделендірген фактор ретінде жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи мен бірқатар жоғары лауазымды тұлғалардың қаза табуын да атап өтті.
- Дубай халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты (видео)
- Әзірбайжан Ираннан өз елшілігін эвакуациялап жатыр
Еске салайық, бұған дейін Әзірбайжан аумағына екі ұшқышсыз ұшу аппаратының құлап, жарылуынан кейін ресми Баку Ираннан түсініктеме талап етті. Нахчыван әуежайы мен мектеп маңында болған оқиға салдарынан екі адам жарақат алып, Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі Иран елшісін шақырып, қатаң наразылық білдірді.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты