Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран наразылық кезінде қаза тапқандардың құрметіне үш күндік аза тұту жариялады

Иран наразылық кезінде қаза тапқандарың құрметіне үш күндік аза тұту жарияладыФото: AP/UGC

Иранда наразылық кезінде жүздеген адам қаза тапқанына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Иран үкіметі АҚШ пен сионистік режимге қарсы ұлттық қозғалыс кезінде қаза тапқан қаһармандарды еске алу мақсатында үш күндік аза тұту жариялайды", – деп мәлімдеді Ислам Республикасының мемлекеттік БАҚ-ы.

Еске салайық, 2025 жылғы 28 желтоқсанда Иранда өмір сүру құнының өсуіне наразылық ретінде жаппай акциялар басталды. Бұл соңғы жылдардағы ең ірі қозғалыстардың бірі болды.

Ел ішінде және сыртында жұмыс істейтін белсенділердің соңғы мәліметтеріне сәйкес, АҚШ-та орналасқан HRANA адам құқықтарын қорғау ұйымы екі апталық тәртіпсіздіктер барысында 490 наразылық қатысушысының және 48 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын растады. Сондай-ақ 10 600-ден астам адамның ұсталған.

Болған жағдайға байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігіне наразылыққа шыққандарға көмектесуге дайын екенін ескертті.

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі АҚШ-ты елдегі тәртіпсіздіктерді өршітіп отыр деп айыптап, АҚШ пен Израильдің бірлесіп әрекет жасап жатқандары туралы айтты.


Интернет пен телефон байланысы бұғатталып, 50 адам көз жұмған: Иранда аятолла режиміне қарсы жаппай наразылықтар басылмай тұр


Тегеран прокуроры Али Салехи наразылық акцияларына қатысушылардың, қоғамдық және мемлекеттік мүлікке зиян келтіргендердің өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін Иранда ұлттық валюта құлдырап, жаппай наразылықтар басталғаны, сондай-ақ наразылық акцияларының соңы тәртіпсіздік пен тонауға ұласқаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 11:43