Иран мен Израильден 144 отандасымыз эвакуацияланды
Фото: СІМ
Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты Мысыр аумағы арқылы, Ираннан 78 азаматты Армения, Әзірбайжан, Түрікменстан арқылы шығарды.
Фото: СІМ
Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
“Сыртқы істер министрлігі Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзірбайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алды”, – делінген хабарламада.
Фото: СІМ
Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль Қорғаныс армиясы Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған еді. Иран қарымта жауап ретінде дрондар ұшырды.
16 маусымда Түркіменстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдерден 120-ға жуық адам өткізу бекеттері арқылы Түрікменстан шекарасына өткенін мәлімдеді. Содан бері екі ел арасы тыныш емес.
Бұған дейін 109 отандасымыз Ираннан эвакуацияланған еді.

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
