Иран "Хезболланың" әскери операциясын қолдап, Израильге шабуыл жасады

Фото: Видеодан скрин
Ливан тарапынан Израильге жаппай шаюуыл жасалғаннан кейін, Иран аумағынан баллистикалық зымырандар ұшырылды. Израильдің әскери ведомствосының мәліметінше, олардың барлығы әуеде ұсталып, жойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Осы кезде Ислам революциясы сақшылар Израильдің екі ел аумағынан жасаған шабуылын “бірлескен және үйлестірілген операция” деп бағалады. Ал Израиль қорғаныс армиясы ЦАХАЛ Тегерандағы Ислам революциясы сақшыларының нысандарына жауап соққылары жасалғанын хабарлады.
Еске салайық, бірнеше сағат бұрын Хезболла ливандық қозғалысы Израильге қарсы әскери операцияның басталғанын ресми түрде жариялап, елдің солтүстігі мен орталығындағы қалаларға соққы берген. Сондай-ақ ЦАХАЛ өзінің ресми Telegram арнасында шамамен 150 зымыран ұшырылғанын және шабуылдардың тойтарылғанын хабарлады.
Зымырандық атқылау кешкі уақытта басталды. Израильдің солтүстік және орталық бөлігінде әуе дабылы жарияланды. Хайфа қаласында да аймаққа бағытталған ұшқышсыз аппараттардың ұшырылғаны туралы ескерту дабылдары қосылды. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл салдарынан кемінде екі адам зардап шеккен.
Ливандық топ мәлімдеме жариялап, шабуылдың мақсаты Израильдің әскери нысандары мен Ливанмен шекарадан бес шақырымға дейінгі аумақта орналасқан елді мекендер болғанын айтты.
Кейін бейсенбіге қараған түні Израильге Ливан тарапынан тағы да шабуыл жасалып, бұл жолы алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар қолданылған. Осы шабуыл кезінде Тель-Авив қаласы мен оның маңайында дабыл қосылды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған