Иран АҚШ-пен ядролық келісімге келуге ниетті

Иран АҚШ-пен ядролық келісім жасау үшін ымыраға келуге ниетті. Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт-Раванчидің айтуынша, негізгі талап – Вашингтонның санкцияларды алып тастау мәселесін талқылауға дайын болуы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, Президент Дональд Трамп Тегеранмен мәселені дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды, бірақ келісімге келу өте қиын болатынын айтқан.
“Доп америкалықтардың алаңында. Олар келісімге шынымен мүдделі екенін дәлелдеуі керек”, – деді дипломат
- Трамп Иранмен арадағы шиеленіс күшейген тұста Таяу Шығысқа тағы бір әуе тасымалдаушы кеме жіберді
- Трамп Иранмен сауда жасайтын елдерге тарифтерді көтермек
АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөздер 24 ақпан күні Женевада өтеді деп жоспарланып отыр. Тараптар ақпан айының басында Оман астанасы Маскат қаласында кездескен еді. Вашингтон мен Тегеранның ұстанымдары әлі де бір-бірінен алшақ. Иран өзінің ядролық бағдарламасы мен санкцияларды алып тастау мәселесін ғана талқылағысы келеді. Ал АҚШ келіссөздер аясын кеңейтіп, Иранның зымыран бағдарламасын және елдің Хезболлах пен ХАМАС сияқты топтарға қолдауын да қарастыруға ниетті.
Бұған дейін АҚШ Иранға қарсы ұзаққа созылуы мүмкін операцияға дайындалып жатқаны туралы жазған едік.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты