Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізілмегенін, тек делдалдар арқылы хабарламалар жіберілгенін мәлімдеді

Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізілмегенін, тек делдалдар арқылы хабарламалар жіберілгенін мәлімдедіФото: AP Photo /Vahid Salemi

Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи Тегеранның Вашингтонмен келіссөздер жүргізбегенін мәлімдеді. Тек делдалдар арқылы қақтығысты диалог жолымен реттеу ниеті туралы хабарламалар түскенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Исмаил Багаидың айтуынша, соңғы бірнеше күнде кейбір достас елдерден соғысты тоқтатуға бағытталған АҚШ-тың келіссөздер туралы талаптарына қатысты хабарламалар келіп түскен. Сондай-ақ оларға елдің ұстанымына сәйкес жауап берілген. 

“Америкалық тарапқа кез келген маңызды инфрақұрылымға жасалатын шабуылдардың ауыр салдары болатыны ескертіліп, оған қатаң жауап беруге дайын екенімізді жеткіздік”, – деді министрлік өкілі.

Иран парламентінің спикері Мохаммед-Багер Галибаф та АҚШ-пен келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

“АҚШ-пен ешқандай келіссөздер болған жоқ, ал жалған жаңалықтар қаржы және мұнай нарықтарын манипуляциялау үшін, сондай-ақ АҚШ пен Израиль өздері тап болған тығырықтан шығу мақсатында қолданылып жатыр”, – деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде жазды.

Оның айтуынша, Иран халқы “агрессорларды толық әрі әділ жазалауды” талап етеді. Ол барлық ирандық ресми тұлғалар осы мақсатқа жеткенше өздерінің Жоғарғы көшбасшысы мен халқымен бірге екенін жеткізді.

Еске салайық, күні кеше Дональд Трамп Иранмен келіссөз басталғанын мәлімдеп, шабуылды 5 күнге тоқтатуды тапсырғанын айтқан еді. 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 24 Наурыз, 2026 07:37