Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылдың шілдесіне дейін 25% деңгейінде қалады

Ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылдың шілдесіне дейін 25% деңгейінде қалады

Фото: depositphotos.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендету нормасы 2026 жылдың 1 шілдеге дейін тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әзірге жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 25% деңгейінде қалады.

Бұл ұсыныс Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі бірлесіп дайындаған жобалық шешімде көрсетілген. Құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған.

“Жобада “Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы” ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысымен белгіленген, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендету туралы норманы 2026 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтата тұру көзделеді. Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша шекті ЖТСМ-ді төмендету туралы норманың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау ағымдағы макроэкономикалық жағдайларды ескере отырып, ипотекалық кредиттердің құнын реттеуге өлшенген тәсілді қамтамасыз ету, халық үшін қарыз қаражатының қолжетімділігі мен банк секторының тұрақтылығы арасындағы теңгерімді ұстап тұру қажеттілігімен, сондай-ақ мынадай факторлармен негізделеді”, – делінген комитет таратқан ақпаратта.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұндай шешім қабылдаудың бірнеше себебін атап өтті. 


Қазақстандықтарға тиімді ипотека мен автонесие беріліп, бизнесті тексеру тоқтатылады: Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар жариялады


Қазақстанда әскери қызметкерлерге арналған ипотека шарттарын жеңілдету ұсынылды


Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі қазіргі уақытта 18% деңгейінде. Жоғары ставка инфляцияны тежеу үшін сақталады. ЖТСМ-ді 20%-ға төмендету нарықтағы ипотекалық бағдарламалардың қысқаруына әкелуі мүмкін. 2026 жылғы 1 шілдеге дейін шекті ЖТСМ-нің 25% деңгейінде сақталуы ипотеканың қолжетімділігін және банк секторын тұрақтылығын теңестіреді.

Агенттік пен Ұлттық Банк ипотека бойынша ЖТСМ есептеу әдістемесін жаңартып, Loan-to-Value (LTV) көрсеткішін қосады. Бұл қарыз алушылар мен кредиторлар үшін тәуекелге негізделген әдісті қамтамасыз етіп, дефолт ықтималдығын азайтады және халыққа борыш жүктемесін төмендетеді.

Екінші деңгейдегі банктерге жаңа, халық қажеттіліктеріне бейімделген ипотекалық өнімдерді енгізу мүмкіндігін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Еске салсақ, Қазақстандағы банктер базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін ипотека беруді тоқтатқаны туралы жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 18:52
Талқылау