Шымкентте жаңа әуежай жаңа жылға дейін ашылады
Шымкенттегі халықаралық әуежайдың жаңа терминалы қараша айының соңында техникалық тұрғыда ашылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Шымкенттегі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жаңа әуе терминалының құрылысы 99,5%-ға аяқталды деп сендіреді. Ал желтоқсан айында толық іске қосылатынын айтты.
“Бір уақытта 10 ұшақты орналастыруға, жолаушыларды заманауи телескопиялық көпірлер арқылы отырғызып, түсіруге мүмкіндік беретін 6 гектар перронның құрылысы аяқталып қалды. Шымкент қаласының әкімдігі көлік тұрағын абаттандыру, кіреберіс жолдар салу және инженерлік желілерді тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді Шымкенттегі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.
Басқарма дерегінше, телетраптар, лифттер, эскалаторлар және багажды өңдеу жүйесі дайын. Барлық маңдайшалар қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілдерінде жазылады. Жаңа терминалдың іске қосылуы жолаушылар сыйымдылығын сағатына 200-ден 2000 адамға дейін ұлғайтады. Сондай-ақ жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін жеті жұмыс аймағын ашылмақ. Атап айтқанда, ұшып келу, тіркеу, ішкі және халықаралық жөнелтілімдер, жүкті тасымалдау аймағы және VIP клиенттерге арналған алаң.
“Биыл қыркүйек айында терминал ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Төрт қабатты, 40 000 шаршы метрлік ғимаратта алты телескопиялық тарпқа апаратын кіретін төрт галерея бар. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін 26 эскалатор, екі травалатор және 14 лифт орнатылды. Сондай-ақ екі панорамалы лифт бар. Қазіргі жермен жүретін жол, перрон және автотұрақ құрылысы аяқталып жатыр. Терминалды іске қосуды басқарушы компания қала әкімдігімен келіседі”, – деді "SCAT" әуе компаниясының PR және маркетинг бөлімінің басшысы Виктория Старожилова.
Басқарам алдымен ішкі рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Терминалға қажетті құрал-жабдықтарды алыны, қызметкерлермен толыққаннан кейін халықаралық бағыттарды ашуға мүмкіндік туатынын мәлімдеді.
Жоба 2018 жылы Шымкент қаласы әкімдігі мен "SCAT" АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес SCAT әуе компаниясының инвестициясы есебінен қаржыландырылады. Жалпы инвестиция көлемі – 24 миллиард теңге.
Терминалды инвестор өз қаражатына салды. Сондай-ақ ол SCAT әуе компаниясына тиесілі. Алайда оның жұмысын терминалды басқаратын Шымкент әуежайы жүзеге асырады. Ал ұшу-қону жолағына Қорғаныс министрлігінің меншігінде және ол ортақ пайдаланудағы нысан болып саналады.