"Интимді суреттеріңді таратамын": Оралдық жігіт бұрынғы сүйіктісін 3 жыл бойы бопсалап келген

Оралда бұрынғы сүйіктісін 3 жыл бойы бопсалап келген 23 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, күдікті үш жыл бойы бұрынғы қызын интимді суреттерін интернетке таратамын деп қорқытып, ақша талап етіп келген.
Күдіктінің қорқытуы нәтижесінде жәбірленуші оған осы уақытқа дейін 9 миллион теңге бергені анықталды. Бопсалау дерегі банктік ақша аударымдары және мессенджердегі хабарламалармен расталған.
Қазақстандық такси жүргізушісі жолаушы әйелмен арадағы әңгімені жазып алып, оны бопсалаған
Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты бопсалап алу сәтінде қылмыс үстінде ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Еске салсақ, бұған дейін кәсіпкерден миллиондап ақша бопсалаған шымкенттік блогер ұсталғаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"