Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Интер” клубы “Қайратқа” қарсы матч қарсаңында қазақша әнмен бейнеролик жариялады

Фото:Stan.kz collage

Италиялық "Интер" клубы алдағы "Қайратқа" қарсы ойын алдында өздерінің Instagram парақшасында ерекше бейнежазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнежазбада бұрынғы шабуылшы, қазіргі "Атлетико Мадридтің" бас бапкері Диего Симеоне "Милан" қақпасына гол соққан сәт көрсетілген. Видео қазақша ән Баянсұлудың "Ауа райы" атты әнімен сүйемелденген.

Қазақстандық жанкүйерлер бейнежазбаның астына толассыз пікір жазып, оны "Қайратқа" арналған астарлы сәлем деп бағамдауда.

"Бәрі біледі, қазақтармен қаралым көбейетінін", "Бауырсақ пен пицца — бір туған", "Футболдан чемпион болмасақ та, актив көтеруден чемпионбыз", "Ән дейді, би не деп жатыр", "Мұндай қазақ әні бар екенін олар тұрмақ, өзіміз білмейміз ғой", "Ән таңдағанда қазақтармен ақылдасса қайтеді?" — деген секілді әзіл-қалжың аралас пікірлер қарша борауда.

Айта кетейік, "Интер" мен "Қайрат" арасындағы матч 6 қазан күні Астана уақытымен сағат 01:00-де өтеді. Қазір италиялық команда үш ойында 9 ұпай жинап, топ басында келеді. Ал "Қайраттың" еншісінде 1 ұпай бар: қазақстандық клуб "Спортингке" (1:4) және "Реалға" (0:5) есе жіберіп, "Пафоспен" (0:0) тең түскен.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 05 Қараша, 2025 11:34
Талқылау