Вадим Борейко өз Facebook парақшасында сенбі күні оның Instagram-дағы барлық жазбасы өшіп кеткенін жазды. Ол аккаунтына кіре алады, бірақ парақшасында мүлдем жарияланымдар жоқ.
Фото: instagram.com/toregozhina_bakhytzhan/facebook.com/vadim.boreiko
Былтыр оның TikTok-тағы аккаунты да дәл осылай өшірілген еді. Борейконың айтуынша, соңғы айларда Instagram мен Facebook оның ескі жазбаларын “мифтік ережебұзушылықтарға” деп сылтауратып, ара-тұра өшіріп отырған.
Журналист Асхат Ниязовты бұған дейін де әлеуметтік желілерде бұғаттаған. Биыл күзінде ол Алматы әкімдігімен болған жанжалдан кейін полицияға жеткізілген.
Қоғам қайраткері Санжар Боқаев осы уақытқа дейін жемқорлықты әшкерелейтін видеолар жариялап келді. Сондай-ақ утиль алымына қатысты ұстанымымен көпке белгілі.Оның аккаунтындағы жарияланымдар да өшірілген.
