InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
15 тамызда Алматы Бас ботаникалық бағында InEco Fest 2025 екінші отбасылық инклюзия және экология фестивалі өтті, оған балалы отбасылар, оның ішінде мүгедектері бар отбасылар, мектеп оқушылары, жас мамандар, ғылыми қоғамдастықтар мен қалалық бастама өкілдерінің қатысуымен 4000-нан астам қонақ жиналды. Қонақтар күні бойы тақырыптық аймақтар бойынша квесттерден өтіп, шеберлік сабақтарына, экскурсиялар мен спектакльдерге қатысты.
Ұйымдастырушылары – “ITeachMe” ҚҚ мен Ботаника және Фитоинтродукция Институты (Алматы қ. Бас ботаникалық бағы) “Шеврон” компаниясы. Онда әрбір алаң саналылыққа жасалған қадамға айналды, ал әрбір қатысушы кедергісіз, экологиялық таза қоғам құруға қосқан жеке үлесінің белгісі ретінде естелік білезік жасауға арналған моншақтар иеленді.
InEco Fest 2025 мақсаты – әрбір адам физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан өзін көрсете алатын және табиғатты қорғауға үлес қоса алатын инклюзивті, тұрақты және шабыттандыратын орта құру. Фестиваль өзара экологиялық қарым-қатынастың табиғатқа қатысты экологиялық мінез-құлық сияқты маңызды деп білетін адамдарға арнап ұйымдастырылды.
”ITeachMe қорының миссиясы - технологияның, еріктіліктің және серіктестіктің күшіне сүйене отырып, мүгедектер мен әлеуметтік осал топтарға білім беру, өзін-өзі жүзеге асыру және жұмысқа орналасу үшін инклюзивті мүмкіндіктер жасау. Инклюзия - білімге қол жеткізумен қатар қоғамдық қабылдаудың өзгеруі, физикалық ерекшеліктерге немесе әлеуметтік мәртебеге қарамастан әркімнің өзін толыққанды қатысушы ретінде сезінетін орта қалыптастыру жайлы екендігіне сенімдіміз. Сондықтан біз қоғамдық форматтарға шығып, фестивальдар, қойылымдар өткіземіз, диалог алаңдарын құрамыз, бизнесті, мемлекетті, академиялық қоғамдастық пен азаматтарды ортақ қозғалысқа тартамыз. Біз цифрлық дағдылар бойынша білім беру курстарынан инклюзия, экология және кәсіпкерлікті біріктіретін кешенді жобаларға келдік. InEcoFest – оқытудың технология жасауға айналуының, жергілікті бастамалардың ауқымды қоғамдық оқиғаларға айналуының мысалы. Біз үшін бұл кедергісіз тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар қоғамға апаратын жол, ал серіктестер үшін бірлескен құндылықтар мен сенімнің ұзақ мерзімді әрі мағыналы өзгерістер жасай алатынының мысалы", – деді Захира Бегалиева, “ITeachMe” қоғамдық қорының директоры.
“Шеврон” үшін тұрақтылық - ұстаным ғана емес, барлық әлеуметтік жобалардың стратегиялық негізі болып табылады. Біз әлеуметтік инвестицияларды серіктестермен бірге дамып, болашақта қоғамға айтарлықтай пайда әкелетін ұзақ мерзімді бастамалар ретінде қарастырамыз. Инклюзия - бұл стратегияның ажырамас бөлігі, миссиямыздың және корпоративтік мәдениетіміздің негізгі элементі ретінде біз әр жобада әртүрлі мүмкіндіктері бар адамдардың, әртүрлі мәдениеттер мен тілдік қауымдастықтардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырамыз. InEcoFest - аталған құндылықтарды бір оқиғаға біріктірудің жарқын мысалы. Мұндай формат қоршаған әлеммен үйлесімді өмір сүру маңызды адамдарды шабыттандырады, біріктіреді, диалог пен шабыт кеңістігін жасайды және онсыз тұрақты болашақ мүмкін емес саналылық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі”, — деп атап өтті “Шеврон” компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова.
Ұйымдастырушылар тақырыптық аймақтар бойынша ауқымды білім беру және ойын-сауық бағдарламаларын дайындады, оның әрбір бөлігі InEco Fest-тің негізгі идеясы - табиғатқа да, өзара да ұқыпты қарау қажеттілігін жеткізді.
“Инклюзивті қоғам” аймағында ITeachMe командасы крафтты инклюзивті ойындар ұсынды, мобилограф кеңестерін берді және инклюзия туралы күрделі тақырыптарды кез-келген ересек пен бала қауіпсіз сұрақтар қойып, бірлескен іс-әрекетте өздерін сынап көре алатындай қарапайым, отбасылық тілге “аударды”.
“Эко-Қалада” қонақтар Ботаника және Фитоинтродукция институтының, Fading TSE, Act for Impact және Urban Forum Kazakhstan коалициясы болып табылатын Tabiğat Labs-тан “Қаланың ыстығы” үстел ойынын ойнады. Сондай-ақ, осы жерде күні бойы Creathon 2025 шығармашылық марафонының өнер нысандарына турлар өтті: тамыз айында сәулетшілер, дизайнерлер, урбанистер мен экологтар тұрақты және инклюзивті қалалық ортаны қалыптастыру жолында шешімдер іздеді.
“Экологиялық өмір салты” аймағы Recycle Birge-ден сұрыптау бойынша интерактивті шеберлік сабағын, Book Культура-дан “Кітаптар мен бояуларды”, Комунитиплюс ҚҚ-нан кітап алмасу, Mindful Generation ҚҚ-нан табиғат суреттері және Елена Шахматованың Каллиграфия студиясының сабақтарын біріктірді. Жасыл рейнджер клубы жәндіктерге арналған үйшіктер мен ішетін ыдыстар жасауды үйретті, ал Ботаника институты бүршіктер коллекциясының көрмесін ұсынды.
“Флористика” аймағында “Сүю үшін білу” бағдарламасы аясында флорист Яна Прокудинамен бірге оригами техникасында гүлдер жасап, тірі композициялар жинады.
STEAM және робототехника үздіксіз жұмыс істеді: Zertte Studio “жабық экожүйені” көрсетсе, American Maker Space ашық тәжірибелер сериясын өткізді - “ақылды гүл құмыра”, “ауа сапасының мониторы”, “ДНҚ алу”, табиғи рН-индикаторлары, “ваннаға арналған бомба”, STEM for Them блогы және “жасыл химия”.
Арт-алаңда шығармашылық атмосфера орнады: қонақтар Анар Әбжанованың жетекшілігімен сурет өнерінде өз күштерін сынап көрді, ал “Алмалы Жұмақ” ҚҚ өкілі Бригитте Хоферрмен (Германия) бірге табиғи мұра символы — Сиверс алма ағашының нәзік бейнесін жасады. Ten Qogam инклюзивті сурет сабақтарына шабыт берсе, Қазақстан қолөнершілер одағының қызметкері Айжан Бекқұлова киіз басу элементтері бар жанға жайлы ашықхаттар жасауды ұсынды, олардың әрқайсысына қонақтар өз жылуының бір бөлігін салды.
“Терезедегі бақшада” қонақтар жасыл джунгли әлеміне еніп кетті: тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханасының қызметкерлері құмыра өсімдіктерін отырғызу және күту құпияларымен бөлісіп, процесті нағыз ботаникалық шытырман оқиғаға айналдырды.
Перголалар ашық аспан астындағы көркем галереяға айналды: мұнда Ten Qogam еңбектері, Анар Әбжанованың суреттері, Болат Өтемұратов Қорының "Асыл Мирас" аутизм орталықтары мен ресурстық орталығы тәрбиеленушілерінің туындылары, сондай-ақ Ботбаққа келушілер дайындаған табиғи материалдардан жасалған балалар қолөнерінің әсерлі көрмесі орналастырылды.
Дизайнер-апсайклер және кастомайзер Ботакөз Сәдібекованың эко-этно стиліндегі инклюзивті сән көрсетілімі ерекше сәтке айналды - подиум ашық түстермен, өзгеше текстуралармен және өзара түсіністік энергиясымен жарқырап шыға келді. Көрсетілімге қазақтың ұлттық киімін тігуге маманданған "Assyl Öner" ательесінің негізін қалаушы Мүлгүлсім Байзақова қатысты. Оның коллекциялары талғампаздықпен, нәзік қол жұмысымен және дәстүрлі әдістерге ұқыпты қарауымен ерекшеленеді.
Жас қонақтар үшін “Бақ сақшыларының құпиялары” ертегі аудио-туры жұмыс істеді (“Шеврон” компаниясының қолдауымен әзірленген), ал ғылыми қызметкерлер бақ коллекциялары бойынша орыс және қазақ тілдерінде қызықты экскурсиялар жүргізді. Танымал қазақстандық digital және дәстүрлі суретші Мария Ильницкая (mimi.ilnitskaya) аудио-ертегінің бас кейіпкеріне айналған декорацияны әзірледі.
Күндізгі бағдарлама ЮНЕСКО Клубтар федерациясының еріктілері ұйымдастырған аймақты тазалау бойынша TURAQTY JOL эко-акциясымен аяқталды, бұл әлемді бірге тазартуға болатындықтың шабыттандыратын мысалы.
Көрермендерді флорист Дмитрий Гребенкиннің керемет шоуы қарсы алды, одан кейін ұйымдастырушылар сәлемімен жалғасты. Спикерлердің мазмұнды және эмоционалды баяндамалары кешті мағынаға толтырды: Теміртас Ысқақов (Tabiğat Labs) қасиетті ағаштар, “тірі жады” мен ұрпақтар байланысы туралы; Джепка Богдан — кедергілері жоқ туризм жайлы; Валерия Фролова (Greenup.kz / Recycle Birge) — ластанумен күресу және бөлек жинау құндылығы жайында; Дмитрий Пак пен ITeachMe командасы - нағыз инклюзияға жол ашатын технологиялар туралы; Гүлнар Ситпаева – бүкіл адамзат үшін дабыл сигналы ретінде “Қызыл кітап” жайында әңгімеледі.
Кештің соңғы нүктесі ретінде Almaty Air Initiative компаниясымен серіктестікте түсірілген Қанат Бейсекеевтің “Алматы? Түтінмен өмір сүру ок па?” деректі фильмі көрсетілді. Фильм фестивальдің эмоционалды екпініне айналды, ауа сапасының мәселесі абстрактілі экологиялық статистика емес, денсаулық, балалардың болашағы және әрбір қала тұрғынының жауапкершілігі мәселесі екенін еске салды.
Фестивальге Social & Influencer санатындағы Cannes Lions 2024 “Алтын арыстан” иегері Gforce Grey қазақстандық жарнама агенттігі креативті қолдау көрсетті. Жоба тобы InEco Fest-тің толық визуалды сәйкестігін ақысыз негізде әзірлеп берді, осылайша саналы қоғам мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып, өзінің миссиясы - назар аудартумен бірге маңызды қоғамдық тақырыптарды қабылдауды өзгертетін, олардың күнделікті күн тәртібінің бөлігі болуға көмектесетін қарым-қатынас құру миссиясын жалғастырды.
InEco Fest 2025 экология мен инклюзивтілік "параллель" өмір сүрмейді — олар бірін-бірі күшейтіп, жаңа қалалық әдеттерді қалыптастыратынын тағы бір мәрте растады. Фокуста әр отбасына қол жетімді тәжірибелер: сұрыптау мен саналы тұтыну, өсімдіктерге күтім жасау, бірлескен шығармашылық, биоалуандылық пен әртүрлі мүмкіндіктері бар адамдарға құрмет көрсету.

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
