Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 қаңтардан бастап InDrive және Яндекс таксилері оң рульді көліктермен жүре алмайды

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха InDrive және Яндекс такси платформаларына оң рульдік көліктерді тіркеуге тыйым салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: pixabay.com

Игорь Лепеха Ішкі істер министрлігімен тиісті меморандум жасалғанын растады. Бұл екі есікті машиналарға да қатысты болмақ.

“Бізде мұндай тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірақ өкінішке орай, тәжірибеде мынадай бұрмаланулар болып тұрады. Мәселен құзырлы органдар мұндай жеке жолаушылар тасымалдап жүрген көліктерді тоқтатқанда, олар туыстарын тойға немесе белгілі бір жерге апара жатқандарын айтады. Сәйкесінше ешкім оған заңсыз тасымалдаушысың деп дәлелсіз айта алмайды, жауапкершілікке тарта алмайды. 



Қазір біз Көлік министрлігімен меморандумға қол қойдық. InDrive және Яндекспен оң рульді, екі есікті көліктерді тіркеуге тыйым салатын келісімге келдік. Бұл меморандум 1 қаңтардан бастап күшіне енеді”, – деді  Игорь Лепеха. 

Талқылау