inDrive сарапшылармен Қазақстанда сапарлардың қауіпсіздігін қалай арттыруға болатынын талқылады
inDrive жаһандық көлік және қала қызметтері платформасы қалалық және қалааралық сапарлардың қауіпсіздігіне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Талқылауға қалалық мобильділік және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерінде белсенді ат салысатын танымал пікір көшбасшылары – Роза Әшірбаева, Глеб Пономарев, Айдана Айдархан және Руслан Тай, сондай-ақ "Жаңа адамдар" қозғалысының азаматтық белсенділері мен Sezim психологиялық көмек сервисінің өкілдері шақырылды. Кездесу қатысушылары заманауи технологияларды пайдалану және мемлекеттік органдармен тығыз серіктестік Қазақстанда сапарлардың қауіпсіздігінің негізгі факторлары болуы мүмкін деген қорытындыға келді.
Ашық диалог: жетістіктер мен ағаттықтар
Кездесу қатысушылары қауіпсіз сапар бес негізгі бөліктен тұратынын атап өтті, олар – көліктің техникалық жағдайы, сапар барысын бақылау мүмкіндігі, жүргізушінің кәсібилігі, сапар кезінде жайлылық шарттары мен жол инфрақұрылымы. Сонымен қатар әр аталған бағыттың әрқайсысын бөлек талқылады.
Барлық қатысушы автокөліктің техникалық жағдайы кез келген сапардың негізгі элементі екеніне бірауыздан келісті. inDrive қазіргі уақытта платформа тиісті мемлекеттік басқарушы орган берген автокөліктің техникалық жағдайы туралы құжаттарға тексеру жүргізіп, машиналарға тұрақты фотобақылау жүргізетіндігімен бөлісті. Бұдан басқа, ІІМ мен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің талабы бойынша платформадан барлық оң рульдік автомобильдер шығарылды. Жақсартулар ретінде қонақтар қыста және жазда шиналарды ауыстыру қажеттілігі туралы хабарламаларды іске қосуды ұсынды.
Қауіпсіз сапардың тағы бір маңызды бөлігі сапарды бақылау мүмкіндігі деп аталды.
"Мені қыз ретінде бірінші кезекте және шынымен қызықтыратын нәрсе – бұл сапарды техникалық тұрғыда бақылау және сапардың координаттарын туыстарыма жіберу мүмкіндігі. SOS түймесі және гео-локациямды жақын адамдармен бөлісу сияқты мүмкіндіктердің бар екеніне қуаныштымын", – деп түсіндірді блогер Айдана Айдархан.

Қатысушылар жүргізушінің кәсібилігін, оның жүргізу мәнері және ЖҚЕ ережелерін сақтауы саяхаттың үшінші құрамдас бөлігі деп белгіледі.
Глеб Пономарев өзінің жеке тәжірибесі туралы айтып, жылдамдық режимін сақтамайтын жүргізушілер тек жолаушыға ғана емес, жол қозғалысының барлық қатысушыларына да қауіп төндіретінін айтты. inDrive 2025 жылдың соңында жылдамдық пен жүргізушінің жұмыс сағат санын реттеу функцияларын енгізу жоспарларымен бөлісті. Бұл жаңарту Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің талабы бойынша іске асырылды.
Саяхат шарттары немесе жайлылық сапардың тағы бір маңызды бөлігі деп танылды. Оған қатысушылар сапар кезіндегі аялдау, музыка және жүргізушінің жолаушылармен тілдесу сияқты қырларды жатқызды.
"Жаңа адамдар" жастар қозғалысының өкілі Ғалия Тузель такси қызметтерінің сапасына бақылау орнатудың маңызын айтып берді.
"Менде әр түрлі такси қызметтерін үнемі тексеріп отыратын қыздар тобы бар. Бүгін компания жолаушылардың пікірлерін мұқият қадағалап, белсенді шаралар қабылдап жатқанын біліп, мен бұл қызметті одан әрі білгім келді. Сонымен қатар, қолданбада сапардың ұсынылған бағасының болуы – артық ақша төлемеудің тамаша мүмкіндігі”, – деп атап өтті Ғалия Тузель.

Соңғы компонент ретінде қатысушылар жолдар инфрақұрылымын атады. Қатысушылар inDrive-тың ҚазАвтоЖолмен серіктестігі арқылы жүргізушілерге де, жолаушыларға да ауа-райына немесе жөндеу жұмыстарына байланысты жолдардың жабылуы туралы жедел хабарландыру қызметі қалааралық сапарларды жоспарлаудың тамаша мүмкіндігі деп белгіледі.
Блогер Руслан Тай сервис пен қолданушылар арасындағы ашық байланыс қауіпсіздік пен сенімділіктің негізі екенін атап өтті.
"Менің ойымша, қауіпсіздіктің негізгі аспектісі – бұл пайдаланушыларға барлық қол жетімді мүмкіндіктер туралы ақпарат пен тұрақты байланыстың болмауы. Мұндай кездесулер бізге сапар индустриясы, сонымен қатар күн сайын жасалатын үлкен жұмыс туралы көбірек білуге көмектесіді. inDrive бренд ретінде тек жолаушылардан ғана емес, біздің қоғамның белсенді қатысушыларынан да кері байланыс жинайтыны мені қатты қуантады", – деп қорытындылады блогер Руслан Тай.

Сапар индустриясының өсу мүмкіндіктері
Қатысушылар әрбір аспектті белсенді талқылау барысында қазіргі күндегі жетістіктер ғана емес, сонымен қатар индустрияның негізгі ауыртпалықтарын анықтап, сондай-ақ бүкіл сапар индустриясын жақсарту үшін керек бастамалар тізбесі қалыптастырды. Оның ішінде:
● Жүргізушілерге арналған тұрақты білім беру курстары;
● Жол желісінің проблемалық учаскелерін (шұңқырлар, белгілеу/жарықтандырудың болмауы) анықтау және жою үшін сапар қызметтері мен қала органдары арасындағы тығыз ынтымақтастық;
● Жолаушыларды қабылданған шаралар туралы хабардар ету.

Ал Роза Әшірбаева inDrive-тың әлеуметтік жобалар мен қауіпсіздік мәдениетіне бағытталған қызметін бағалады.
"Технология саласының белсенді шолушысы ретінде мен inDrive Қазақстанда түрлі әлеуметтік жобалар жасап жатқанын және компанияның басқа елдерде қызықты шешімдері бар екенін білемін. Маған inDrive өзінің әділетсіздікке қарсы күрес миссиясын қалай ұстанатыны және көптеген мәселелерге, соның ішінде қауіпсіздікке қатысты мәселелерге де этикалық тұрғыдан қарайтыны өте ұнады. Мысалы, жүргізушілерге арналған білім беру бағдарламалары – бүкіл Қазақстан бойынша сапарлардың қауіпсіз мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді жоба", – деп түсіндірді Роза Әшірбаева.

Нәтижелер мен болашақ жоспарлар
Арай Бекембаевтың сөзінше, қауіпсіздік – технологиямен бірге жауапты әріптестік арқылы қамтамасыз етіледі.
"Қауіпсіздік – inDrive-тың басымдығы. Біз сапарлардың қауіпсіздігі тек технологиялық шешімдер ғана емес, сонымен қатар сервис, жүргізушілер, жолаушылар және қалалық құрылымдар арасындағы жауапты әріптестік мәселесі екеніне сенімдіміз. Қауіпсіздік сервис, жүргізушілер, жолаушылар мен қала арасындағы диалогта ұжымдық түрде құрылады", – деп атап өтті Қазақстандағы inDrive бизнес басшысы Арай Бекембаев.
Сервис қауіпсіздік стандарттарын қалыптастыру кезінде кездесуде айтылған ұсыныстар мен идеяларды пайдалануды жоспарлап, қазақстандықтардың мүддесі үшін тасымалдау саласын дамытуды ынталандыру мақсатында осындай кездесулерді тұрақты негізде жалғастырады.

“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі