Индонезиялық арал тұрғындары адам өліктерін қазып алып, сәнді киімдер кигізген
Индонезияда қорқынышты рәсімдерімен танымал Тораджи деп аталатын халықтар тобы мекендейді. Олар жыл сайын өліктерді тазарту рәсімін өткізеді. Сулавеси аралының тұрғындары көз жұмған туыстарының денелерін қазып алып, оларды жуындырып, неше түрлі киім кигізеді.
Одан кейін қаза болған жерлеріне, артынша ауылға апарып, кейін жаңартылған табытпен қайта жерлейді, деп хабарлайды Daily Mail.
Арал тұрғындары мұндай рәсімді 100 жылдан аса уақыттан бері өткізеді. Олар туыстарына «салтанатты» жерлеу рәсімін өткізгенді ұнатады. Олар, тіпті, өз жерлеу рәсімдерінің лайықты түрде өтуі үшін ғұмыр бойы ақша жинайды екен. Егер салтанатты «қайта жерлеуге» қаражат жетпей қалса, тұрғындар бұл рәсімді қаражат жиналғанша бірнеше жылға шегеруі мүмкін.
«Индонезиялықтар өліммен адамның өмірі аяқталмайды» деген тұжырымға сенеді және адамның көз жұмуын еш қорқынышсыз қабылдайды. Сулавеси тұрғындарының пікірінше, өлген адамның жаны туған жеріне міндетті түрде оралуы тиіс. Егер адам аралдан тыс аймақта көз жұмса, тұрғындар оны отанына қайтару үшін бар күшін салатын көрінеді.
Сулавеси халқы әлемдегі ең жабық бірлестік болып табылады.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар өлген адамды тірілтетін сенсациялық жаңалық ашты
2045 жылы өлген адамды тірілту қолға алынады