Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезияда трансгендерлерге арналған мұсылман интернат-мектебі жабылып қалды (фото)

Ислам радикалдары Джокьякарта қаласында орналасқан Индонезиядағы алғашқы трансгендерлерге арналған мектеп-интернатын жауып тастады, деп хабарлады The Daily Mail.

transgenders-indonesia-970-head

Трансгендер-студенттерге арналған әлемдегі жалғыз жабық мұсылман мектебі Әл-Фатах ұзақ уақыттан бері исламдық толеранттылықтың белгісі саналып келген. Бірнеше ай бұрын «Ислам джихадының фронты» қозғалысына қарасты бірқатар радикал исламистер тобы аталмыш оқу ордасын жабылуға мәжбүр етті.

393BA7F800000578-0-image-a-1_1475994928334

Соған қарамастан, студенттік топтар оқу және құлшылық жасау үшін бұрынғы мектеп ғимаратында жасырын түрде жиналып жүр.

«Біз ислам дінінің трансгендерлерді қабылдайтынын дәлелдегіміз келеді», — дейді мектеп-интернатының экс-директоры Шинта Ратри.

393BA82500000578-0-image-a-4_1475994951328

2008 жылы ашылған мектептің жабылуы Джокьяртада шарпыған төзбеушілік толқынының жарқын дәлелі болып отыр. Джокьярта осы күнге дейін Индонезиядағы ең либералды аймақ саналып келді.

393BA6EB00000578-0-image-a-3_1475994945350

Соңғы уақыттары радикалды исламистерден жапа шеккен жалғыз трансгендерлер емес. Радикалдар әйелдер құқығын қорғауға бағытталған фестивальді жабылуға мәжбүр етумен қоймай, қазіргі таңда қаладағы христиандық шіркеулердің жабылуы және христиандық қауымдастықтардың азаюы үшін бас көтеріп жатыр.

Бас көтеріп, одан қалса зорлық жасайтын радикалды исламистерге полиция күш қолданбайтын көрінеді. Оның бір дәлелі – халық жергілікті тәртіп сақшыларының үстінен жиі шағымданады. Тіпті, ара-тұра заң қызметкерлерінің өздері радикалдардың өрескел әрекеттерін қолдайды екен.

393BA80800000578-0-image-a-5_1475994958600

«Соңғы жылдары Джокьякартада төзбеушілік белең алды. Исламистер тобы халыққа өз ұстанымдарын зорлап ендіруде», – дейді Агнес Дуи Русджийяти.

Индонезия конституциясы бойынша, аталмыш елде алты түрлі діни ағымға ресми мәртебе берілген. Халықтың басым бөлігі ислам дінінің өзгеріске ұшыраған ағымдарын ұстанады. “Мемлекет шариғат заңдары бойынша өмір сүруі керек” деген пікірмен қоғамда көпшілік келіспеді.

Әл-Фатах мектебі қайта тұрғызылған үй ғимаратында орналасқан еді. Оның бас бөлмесі құлшылық жасауға арналып әзірленген.

2016 жылдың ақпан айында мектеп жабылғаннан кейін үш мұғалім 12 білімгерге (бұрын 42 болған) дәріс оқып жүр.

«Белгісіз себептермен трансгендерлерге мешіттерге кіруге тыйым салынған. Сол себепті осы мектепке жұмысқа келген кезде олардың да құлшылық жасауына рұқсат еттім. Өйткені олар да Құдайдың жаратылысы», – дейді 32 жастағы діни уағызшы Ариф Нух Сафри.

Радикалдар мектеп ғимаратына келген сәтте оларға ешкім қарсылық көрсете алмаған. Тек жергілікті тұрғындардың бірі оларға мәселенің мән-жайын түсіндірмек болыпты. Ол адамдардың бұл жерге ислам ілімін үйрену үшін және мұның ішімдік ішкеннен қарағанда әлдеқайда жақсы екенін жеткізуге тырысқан. Алайда радикалдар басшысы Абдурахман ешкімнің айтқанына көнбейтін жан. Білімгерлер мен уағыздаушыларды “құлықсыздар” деп атаған ол білім ордасынан барлығын қуып шықты.

Жіберіп алмаңыз: 

Иракта исламистер жыныстық қатынастан бас тартқан 19 әйелді тірідей өртеп жіберді

Алматы облысында ұсталған радикалдар АҚШ-та орын алған терактіні қайталамақ болған

Норвегияда мұсылман ер адам ислам ережесімен жүруден бас тартқан қызын зорлады

Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай

Талқылау