Индонезияда ойнас жасағандарға жұрттың көзінше дүре соғылды (фото)
Индонезияда шариғат заңын бұзған әйел мен ер азамат қатаң жазаланды.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Аталған заңға сәйкес, кез келген отбасылы жанға некелі жарына опасыздық жасауға тыйым салынады. Индонезияның Ачех қаласында мұндай заңсыздықтар міндетті түрде жазаланады. Мұнымен қатар, адамдар құмар ойынға салынып, шектен тыс ішімдік ішіп, көңіл көтеру мақсатында төсек қатынасына барғандары үшін де қатаң жазаланады.
Бірнеше күн бұрын некелі жарына опасыздық жасаған әйел мен ер азаматтың суреті желіде тарап кетті. Олардың ойнас жасағанын кемінде 8 куәгер дәлелдеген екен. Осылайша, олар Ачех қаласы тұрғындарының алдында өздеріне тиесілі жазаны алды.
27 жастағы Херизэл бен Юнусқа сегіз рет қамшымен дүре соғылғаннан кейін талып қалды. Осыдан кейін оны шенеушіктер көтеріп алып кетті. Алайда Херизэлді тексерген дәрігер оның денінің сау екенін айтқан.
Артынша оған осы әрекеті үшін тағы да 14 рет дүре соғылды. Жергілікті сот оны 22 рет қамшымен аяусыз соғу керек деген қатаң жаза тағайындаған.
Дүйсенбі күні аталған қалада 8 адамға дәл осындай жаза қолданылған. Яғни олардың барлығы да – отбасына опасыздық жасағандар.
Мұнымен қатар, адамдар құмар ойындарға салынып, шектен тыс ішімдік ішкендері үшін де дәл осылай жазаланады.
Индонезиядағы 255 млн адамның 90℅-ы өздерін мұсылмандардың қатарына жатқызады.
2014 жылдың қыркүйек айында Ачех гомосексуализмге қарсы заңды енгізген болатын.
Аталған қалада көңіл көтеру үшін ойнас жасағандар 100 ай түрмеде отырады немесе 1 000 грамм алтын көлемінде айыппұл төлейді.
Мұнымен қатар, орамалсыз жүрген қыз-келіншектер мен тырыстырып киім кигендер де жазаланады.
Жіберіп алмаңыз:
АҚШ-та әкесімен ақшаға бәстескен балақай жабайы бұқаның үстінен секіріп өтпекші болды (видео)
Эминем мен Рианнаның әнін шырқаған тотықұс желіде жұлдызға айналды (видео)